$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты сот процессі басталды

AstanaTV
24.08.2020ж. 20:00
3673
Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты сот процессі басталды

Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот процесі басталды. Сот онлайн өткенімен, оған шектеу қойылған. Облыстық соттың баспасөз қызметі, мұны қатысушылардың рұқсат бермеуімен түсіндірді. Аймақтың экс-әкімі «алаяқтық жасады» деп айыпталып отыр.

Ардақ СМАҒАНБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс түсіп, бүгінгі уақытта қаралу сатысында. Аталған іс бойынша сотталушыларға Қылмыстық кодектің 190-бабының 4-тармағының 2-бөлігі бойынша айтып тағылып отыр.

Күдікке іліккен бұрыңғы әкім Қуанышбек Ысқақов қана емес. Оның орынбасары мен екі кәсіпкер де осы іске жауап беруі тиіс. Аталған қылмыстық іс 52 томнан тұрады. Сондықтан сот процесі де ұзаққа созылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, аймақты небәрі тоғыз ай ғана басқарған Қуанышбек Ысқақов күдікке ілігіп, наурыз айында «үй қамаққа» алынған болатын. Жуырда ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдерінің бұл әркеттерін «өте қауіпті симптом» деп бағалаған еді.