$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бейрутке көмекке барған әскери дәрігерлер елге оралды

AstanaTV
27.08.2020ж. 20:00
2746
Бейрутке көмекке барған әскери дәрігерлер елге оралды

Бейрутке барған әскери-медициналық жасақ елге оралды. Олар, порттағы жарылыстан зардап шеккен ливандықтарға екі апта бойы дәрігерлік көмек көрсетті. Арнайы мақсаттағы мед.персонал жарты ай ішінде төрт қалада науқастарды қабылдаған. Жәй ғана қабылдау немесе алғашқы көмек емес. Күрделі ота жасап талай адамның өмірін аман алып қалды.

Қазақ дәрігерлерінің арқасында аман қалғандар арасында 90-нан асқан ақсақал да бар. Жамбасынан жарақаттанған қарияға күрделі ота жасалған екен. Жалпы, біздің жауынгер-дәрігерлер жарты мыңнан астам ливандыққа көмек көрсетті. Қабылдау, Бейруттағы әскери госпитальдар мен ауруханаларда жүрген. Ал, силистра жарылысан жап шеккендер аз емес. "Еңкейген қарттан бастап, еңбектеген сәбиге дейін" дәрігерлер көмегіне жүгінді.

Асқар МАРУФОВ, ҚР ҚМ БАС ӘСКЕРИ КЛИНИКАЛЫҚ ГОСПИТАЛІ БАСТЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ливандықтар біздің дәрігерлердің жұмысына  көңілі толатындарын айтты. Біз ұшып бара жатқанда, олар Президентімізге алғыстарын жеткізуімізді өтінді. Жергілікті тұрғындар біз барған сәттен жылы қабылдады. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмегіміз тигеніне қуаныштымыз.

Бейрутке аттанған медициналық әскери жасақ арасында, хирург, травматолог сияқты жоғары білікті дәрігерлер болды. Жүктелген міндет жеңіл емес.

Теңіз портында болған мына жойқын жарылыстан жиыны 6 мыңға жуық адам зардап шекті. Шығын көлемі әлі күнге белгісіз. Ливан халқы бұл алапат апаттан әлі айыға қоймады. Ауруханаларда науқас көп. Қаланың сиқы мынау.

Ғалымжан ОМАРОВ, МЕД ИЦИНА ҚЫЗМЕТІНІҢ ПОЛКОВНИГІ:


Бұл игі іс біз үшін, және жас дәрігерлер үшін өте маңызды. Бұл жас сардарлар үшін өмірлік сабақ. Елге қайтып бара жатқанда жергілікті халық бізді гүлмен шығарып салды. Қатты толқыдым.


Айта кетейін, тамызды төртінде Бейрут портында алапат апат болды. Ресейлік кәсіпкерге тиесілі аммиак селитрасы жарылып, жарты қаланы қиратқан. Бұл химикаттың портта жарты жыл сақталғаны белгілі болды. Жарылысқа қатысты тергеудің жүріп жатқанынан бір айға жуықтады. Іске нүкте қойылмады. Жапа шеккендердің көптігі соншалық шет мемлекеттер Ливанға көмек ұсынды. Қол ұшын созғандар арасында Қазақ елі де бар.

Ғ.Өтемісов