Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабады

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
1601
Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабады

Павлодар облысында спорт мектебінің директоры орынбасарын өлімші етіп сабаған. Ауыр соққыдан ол ауруханада көз жұмды. Оқиға Шарбақты ауданында болған. Отбасылық мерекеде бас қосқан директор мен орынбасар өзара сөзге келіп қалып, ақыры бастығы қызметкерін соққыға жығыпты. Ауруханада ол бір апта жатып, жарақатының ауырлығынан қаза болды. Жанжалдың нақты неден туғаны белгісіз. Келтірілген деректерге қарағанда, шенеуніктің екеуі де спорт шеберлері. Бұл ақпаратты Шарбақты ауданы басшылығы растады.

Бақыт  СМАКОВ, ШАРБАҚТЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Енді осындай жағдай болып қалды. Жұмыстан тыс уақытта болған кез. Түнгі уақытта болған. Спорт мектебінің жағалауында болған емес мына жағдай. Білмеймін. Өзімізде шокта болып жүрміз ғой. Не себептен олай бір-бірімен төбелескен пока айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін бәрі анықталады.

Ө. Қуанар