Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қаржы пирамидасы Түркістан облысында үш аудан тұрғынын алдап соқты

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
3392
Қаржы пирамидасы Түркістан облысында үш аудан тұрғынын алдап соқты

Қаржы пирамидалары ірі қалаларды қойып аудандарға ауысқан сияқты. Түркістан облысында үш бірдей аудан тұрғындары алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Полицияға, жүздеген адам шағымдануда. Келтірілген деректерге қарағанда, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында жиыны 317 адам алданып қалыпты. Олардың саны әлде қайда көп болуы әбден мүмкін. Елден, миллиондап ақша жинады деген алты күдікті ұсталды. Оның бесеуі келіншек. Осы уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұржан НАХАНОВ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шілде айының 16-сы күні банктен кредит алып сол 16-сы күні әйелім барып осы Шардарадағы офисіне миллион теңге алып берген. Сөйтіп алдандық. Осы айдың 16-на 66 мың теңге кредитті өз жанымнан төледім.

Ал, Отырар ауданында шаруа қожалығы иесін жұмысшысы алдап соққан. Малшы, біреудің бір мың қойын сатып жіберіп Нұр-Сұлтанға тайып тұрыпты. Келтірілген шығын көлемі 53 млн теңгеден асады. Қойшы ұсталды. Тергеу барысында ол, айыбын мойындап, өкінген кейіп танытты. Ал, қаражатты керегіне жұмсап жіберіпті.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Қазіргі таңда ол қамауда. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 189 бабы бойынша ол «Бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырапқа салу» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Және де жәбірленушіге отызға жуық өзінің қойлары қайтарылды.

А. Төребекқызы