Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыдағы зәулім үй қожайындары салықтан жалтарып жүр

AstanaTV
25.09.2017ж. 20:00
5241
Алматыдағы зәулім үй қожайындары салықтан жалтарып жүр

Алматыда зәулім үйлерде тұратындар әлі де жылжымайтын мүлік салығынан жалтарып жүр. Элиталы үй қожайындары 19 миллион теңгені төлемеген. Бұл туралы Алматыдағы Медеу аудандық кірістер департаментінің маманы мәлімдеді. Алмас Жандарбековтың ақпаратынша, 36 миллион теңге салық қарызының тек 17 миллион теңгесі ғана өтелген. Қалған сома сол күйі қайтарылмағандықтан, іс сотқа жіберіліпті. Бұл зәулім үйде тұратын 31 қожайынның қарызы. Оның арасындағы ең ірі қарыз мөлшері 1 миллион 848 мың теңгені құрайды. Элиталы үйлер Алматы қаласындағы Достық даңғылының жоғарғы бөлігінде, Таулы Қырат ықшам ауданында орналасқан. Ал берешегі бар азаматтар тізімі кірістер департаментінің жеке сайтында тіркелген.

Алмас Жандарбеков, Алматы қаласы Медеу аудандық кірістер департаментінің бөлім басшысы:

Ол адамдар, бүгінгі таңда хабарланып, екінші реттен материалдары сотқа жіберілді. Қазір жеке сот орындаушыларының жұмысы жүргізіліп жатыр. Есеп-шоттарына шектеу қойылады. Сосын сыртқа шығу жағына да шектеулер қойылып жатыр.