$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде соңғы кезде жігіттердің жоғалуы жиілеген

AstanaTV
09.09.2020ж. 20:00
3186
Ақтөбеде соңғы кезде жігіттердің жоғалуы жиілеген

Ақтөбеде соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы жақындарына іздеу салатындар көбейген. Әсіресе отызға жетпеген жігіттердің жоғалу фактілері жиілепті. Жақындарын жоғалтқан жандарға еріктілер жәрдемдесуі қалыпты жағдайға айналды.

25 жастағы Самұрат Есетов тамыздың 25-і күні, күндіз жұмысқа кеткен. Бірақ содан бері үйіне оралмапты. Жақындары жауынан гөрі, досы көп жігіттің қайда екендігін білмей дал.

Жібек МЫРЗАҒАЛИЕВА, АНАСЫ:

Бұл бала ішімдікке әуестігі жоқ. Темекі тарпайды. Жат қылықтан аулақ. Жолдастарының арасында белсенді, беделді барлығының қамын ойлап жүреді. Осы баламды көрген-білгендер болса хабарласуын сұраймын.

Жергілікті полицияның дерегінше жыл басталғалы Ақтөбеде 49 адам із-түзсіз жоғалған. Оның жартысынан көбі тепсе темір үзетін жастар. Арасында жүйке ауруымен ауыратын, ұмытшақ сынды дерті бар қариялар да бар. Еріктілер жас жігіттердің үйден кету себептері әртүрлі деді.    

Бақытғали ОРАЗҒАЛИЕВ, ЕРІКТІ:

Қазір міне жас балаларды іздеу салып жатырмыз осы бойы. Оның алдында болды шығып кетеді. Кейбірі ішіп кетеді. Кейбірі қарыздардан бір нәрселерден тығылып жүреді. Оны туыстары да білмейді. Сондай жағдайлар болды.

Қазір өңірдегі барлық әлеуметтік желіде бес адамға іздеу салу қарқынды жүріп жатыр. Бірі жұмысқа, енді бірі дүкенге кетіп, оралмаған. Полицейлер жақындары жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды.
 
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
 
Жалпы ел аумағында он үш мыңнан астам адам жоғалғандар қатарында. Ал статистика бойынша  жыл сайын бір мыңнан-  бір жарым мыңға дейін адам із-түзсіз кетеді. Оның 20 пайызы балалар. Бір Ақтөбенің өзінде соңғы бес жылда мың жарымнан астамға іздеу жарияланған.

Б. Рақметова