Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Nur Оtan" фермер мен әкімдік арасындағы жер дауын шешуге көмектесті

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
1555
"Nur Оtan" фермер мен әкімдік арасындағы жер дауын шешуге көмектесті

Жайылымдық жер ала алмай жүрген Ақмола облысының фермеріне, "Nur Otan" партиясы көмектесті. Ақкөл ауданының тұрғыны Ұлан Бекхожин мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен- екі жыл бұрын өз шараушылығын ашқан. 67 млн теңге несие алып, оған 92 бас мал алған. Ақкөл ауданының атқамінерлері оған жер беріпті. Биыл мал басын көбейтпек болып, әкімдіктен қосымша жайылымға 600 гектар жер сұрады. Жергілікті билік, әуелі уәде еткенімен, кейін сөзінен тайып, жер беруден бас тартты, дейді қожалық иесі. Ашынған фермер, БАҚ өкілдерінен көмек сұрайды. Қазір бұл мәселеге "Nur Otan" партиясының аймақтағы өкілдері араласты. Облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының дерегінше, Ақкөл ауданы әкімдігі биылдан қалдырмай 337 гектар жер бөліп береді.