$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда ықшам ауданның жолсыз отырғанына 10 жылдан асты

AstanaTV
17.09.2020ж. 20:00
2893
Атырауда ықшам ауданның жолсыз отырғанына 10 жылдан асты

Атырауда ресми атауы "Балаусадан" бейресми "Жетімге" ауысқан мөлтек аудан бар. Оны, тұрғындардың өзі солай атап кеткен. Өйткені, ауданның жолсыз күй кешкеніне 15 жылға жуықтапты. Жазда шаң-тозаңнан, қыста қарлы бораннан ал, күз-көктемде лай-балшықтан шаршаған тұрғындар арнамыздан араша сұрады. Базаргүл Нәдірқызы тараптарды тыңдап қайтты.

"Жетім" аталып кеткен ықшам ауданға халық 13 жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері бір емес бірнеше көше пайда болды. Жаңа көшелерге жергілікті билік жол тартып берген. Ал, бұрыңғы үйлер болса "құрғақ уәдеден", көз ашпай жүр. Ал, атқамінерлер берген берген уәдеге 10 жылдан асқан.

Мұханғали ҚАПСИЫҚОВ, БАЛАУСА МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:


Жетім көше деймін. Жол жоқ. Түнде свет жоқ. Почта жоқ. Жаңбыр жауған күні осында 270 бала бар бір де бала мектепке  бармайды.

Гүлшат ЕСЕНЖОЛОВА, БАЛАУСА МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңбыр күні көргенін көрсеңіз, мектепке кетіп бара жатқанын. Аяқтарындағы резинка етіктерінің іші толған су. Кейбіреулері жылап тұрады. Кейбіреулері бара алмай судың ортасында тұрып, шетіне шыға алмайды.  Көрсек өзіміз жылаймыз.


Жолы жоқ аудан өркениеттен де ажырап қалған. "Өркениет", дейміз ау. Жедел жәрдемнің өзі мұнда бас сұқпайды. Осының салдарынан талай адам дүниеден озыпты. Бұл, жергілікті халық сөзі.

Өтепберген ЖАМБЫЛ, БАЛАУСА МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Мүгедек шешеміз бар еді. Скорый келмей қалды. Келмегендіктен жыл жарым болып қалды. Сол кісі дүние салып өтіп кетті.

Тұрғындар, тас жол сұрап талай табалдырықты тоздырған. Шенеуніктер уәдені үйіп-төгіп шығарып салатын көрінеді. Елдің айтуынша, атқамінерлер мұнда жиі келмейтін көрінеді.

Аманкелді НАРМАҒАМБЕТ, ЕРКІНҚАЛА СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
   
Жол салу мәселесі қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автокөлік жолдары бөлімі. Біз өз тарапымыздан "Балаусада" осындай көше бар, осындай көше жол жоқ деп жылма-жыл  ұсынысымызды енгізіп отырмыз.

Ержан  ХАМИДОЛЛАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жергілікті мәслихат ақша қаражат көзін бөлсе, әрине мүмкін. Осы жылы мен сіздерге уәде бере алмаймын салынады деп. Өйткені қыстың жағдайында мүмкін емес.


Ашулы топ атқамінерлерді сұрақтың астына алды. Халық, биыл тағы жолсыз қалатынына сенетін емес.

 Б. Нәдірқызы