$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтің жемқорлықпен ұсталғанын расталды

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
3649
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтің жемқорлықпен ұсталғанын расталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтің ұсталғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылыпты. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат айтылмады. Нұрлан Таубаев, пара алды деген күдікпен ұсталған жалғыз шенеунік емес. Шығыстағы Аягөз қаласының әкімі де антикор көзіне түскен. Ол, кәсіпкерден 1 млн теңге алды деген күдікпен ұсталды.

Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІ:

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн. теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ә. Өмірзақ