Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанай облысында адам қаңқасы табылды

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
3701
Қостанай облысында адам қаңқасы табылды

Тобыл өңірінде адам сүйектері табылды. Полицейлер қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтауға кірісті. Адам қаңқасын Жітіқара ауданында су құбырын жөндеп жатқан жұмысшылар тауып алған. Олар бірден полиция шақыртыпты. Құзырлы мамандар қылмыстық іс қозғап, арнайы сараптама тағайындалғанын хабарлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл маңда ертеде зират болған.   

Ирина БЕЖЕНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алғашқы қарау кезінде полиция қызметкерлері адам сүйегін тапқан, одан әрі дененің басқа да сүйектері табылды. Осы жағдай бойынша сараптама тағайындалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша осы жерде бұрын зират болған екен. Осындай жағдай биыл екінші рет орын алып отыр.


З. Санай