Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылған

Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылған

Ақтөбе облысында орамал таққан қыздардың төбелесінен кейін, Темір аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алды. Ал осы оқиғадан соң жұмыстан кеткен Кенқияқ, Шұбарши, Саркөл орта мектептерінің директорлары қызметтеріне қайта оралды. Облыстық білім басқармасының дерегінше Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдаған.

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дегенмен облыстық білім басқармасы осы зерделеу қорытындысын жалпы оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бұл аталған директорларды орнынан босату негізсіз екендігін анықтап отыр. Сондықтан да қазіргі таңда аталған директорлардың барлығы өз орнына қайта тағайындалды. Аудандық білім бөлімі басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
    
Еске сала кетейік, 20-шы қыркүйек күні Кенқияқ елді-мекенінде жоғарғы сыныптың оқушы қыздары арасында төбелес болды. 8 сыныптағы қызды аямай сабап, ол таспаға түсіріп таратқан. Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздардың шаш жұлысып, тепкілесуіне не себеп болғанын енді облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы топ анықтамақшы.

Б. Рахметова