Таразда өткен праймериз кандидаттарының дебатына қатысушыларға, облыс әкімі, партияның аймақтағы филиал төрағасы Бердібек Сапарбаев келіп, сәттілік тіледі. Алты үміткер бақ сынады. Шара барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өзекті мәселелерін ортаға салды. Екінші кезеңде бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты. Әлеуметтік желі арқалы көріп отырған тұрғындар да сауалдарын жолдады. Айта кету керек, аймақта праймеризге қатысуға 789 кандидат тіркелген. Ал, осыған дейін өңір бойынша 150 дебат өтті. Праймериздің ашық, әрі әділ өтуін партияның жақтастар лигасы бақылауда.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҚТАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы лиганың негізгі мақсаты мынау праймериздің ашық әділ өтуін бақылау. Оны біз тек қана астана отырып бақылай алмаймыз. Ол үшін біз региондарға шығуымыз керек. Халықпен сөйлесеміз, кандидаттармен сөйлесеміз. Егерде заң бұзушылықтар ереже бұзушылықтар болса сол жерде шешіп, барынша ашық әділ өтуі үшін праймериздің атсалысып келемін.
Б. Жұмабайұлы