Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Машина жасау саласының қарқыны соңғы 8 айда 6 пайызға артты

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
2764
Машина жасау саласының қарқыны соңғы 8 айда 6 пайызға артты

Машина жасау саласының қарқыны соңғы 8 айда 6 пайызға артты. Бұл туралы машинажасаушылар одағының бесінші форумында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Өткен 8 айда Қазақстан машина жасау саласы өнімдерінің экспорты бойынша рекорд жасады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Машинажасау саласы өндірісінің көлемі 550 млрд теңгеге жетіп, өндіріс 6 пайызға артты. Автомобиль құрылысы саласының жалпы құны 90 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3-4 есе көп. Ал электротехникалық машинажасау бағытында өндіріс көлемі 74 млрд теңгені құрады.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пшембаев өткен жылмен салыстырғанда теміржол машинажасау бағытында вагон өндірісінің 9 есе өскенін айтты. Алайда машинажасау саласында құлдырау да бар.

Абылай Мырзахметов, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Биыл 6 пайызға өсім бар дедік, алайда өткен екі жылдың базасын алсақ, сала үш есеге құлдырап кетті. Оған өткен жылдардағы девальвациялық жағдай мен ірі сауда серіктесіміз Ресейге қатысты қолданылған санкциялар да әсер етті. Отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ұлттық стандарттарды қабылдау қажет.