$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Праймериздің алғашқы күнінде 100 мың адам дауыс беріп үлгерген

AstanaTV
01.10.2020ж. 20:00
2315
Праймериздің алғашқы күнінде 100 мың адам дауыс беріп үлгерген

Бүгін "Nur Otan" партияішілік сайлауына дауыс беру басталды. Енді алдағы үш күн бойы кандидаттарға онлайн дауыс беру жүргізіледі. Бас партияның хабарлауынша, алғашқы күннің өзінде 100 мың адам дауыс беріп үлгеріпті. Партия хатшысы Әлібек Әлденейдің айтуынша, праймеризге еліміз бойынша 10 мыңнан астам үміткер бақ сынайды. Ал, онлайн дауыс беру платформасына 750 мыңға жуық адам тіркеліпті. Дауыс берушілердің көптігі сол бүгін сайтта аздаған іркіліс байқалған екен. "Бұл олқылықтар тез арада жойылады", деп жазды Әлібек Әлденей өзінің facebook-тегі парақшасына.

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бұл еліміз бойынша өткізіліп отырған алғашқы онлайн дауыс беру. Сайтқа ауыр салмақ түсетінін ескере отырып дауыс беруді 3 күнге белгіледік. Яғни, қазанның 1 мен 3 аралығында 62 сағат бойын онлайн дауыс беру жүреді. Осы аралықта партияның барлық мүшелері, тіпті шалғайдағы ауылдар да өз таңдауын жасай алады. Ал, сайттағы уақытша іркіліс шұғыл түрде шешіледі. Ешкім шетте қалмайды.


Ғ.Өтемісов