Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрған әке қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба, елдің наразылығын тудырды. Осыдан соң аймақ полицейлері перзенттеріне қазыгездік танытқан адамды тапты.
Жас балаларын аяусыз ұрған әкенің әрекеті, әлеуметтік желіде жылдам тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Балақайлардың жанұшары айқайлаған дауысына бей-жай қарау мүмкін емес.
Қарапайым отбасындағы бұл келеңсіздік, Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында өткен аптада болғаны белгілі болды. Таспаны таяқ жеуден әбден зәбір болған отанасы түсірген. Күйеуінің бұған дейін жасаған қорлықтарына ешкім сенбеген соң, әдейі түсіріп алғанын айтты. Сөзіне сүйенсек, жалданып жұмыс істейтін 38 жастағы күйеуі екі ұлын, арақ ішкен сайын ұратын көрінеді. Бұл үш жылдан бері жалғасып келеді деді.
ЖӘБІРЛЕНУШІ:
–Тәрбиелеймін дейді. Солай кішкене кезде мені солай тәрбиелеген, мен де балаларымды солай тәрбиелеймін дейді.
- Қаншалықты жиі ұратын еді? –ішіп алса болды.
-Қаншалықты жиі ішеді. -Бір ішсе бір екі ай тоқтамайды.
Айтуынша ортақ үш ұлы бар. 30 жастағы келіншек қазір балаларын ертіп төркініне кетіп қалған. Қатігез әке болса, қамауда отыр. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдіктіге қатысты қазіргі таңда ҚР ҚК 110 бабы 2 бөлігі бойынша «азаптау», сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Өкініштісі сол, елдегі әрбір екінші отбасы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Мұны қоғамдық қор өкілдері айтты. Отбасын сақтау үшін қорлыққа көнетіндерде көп екен.
Дина СМАИЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Мәселе мынада, бүкіл ауыл жиылып келіп бұл әйелге «күейеуіңді кешір» деп айтады. Бізде түрме жаман, ал әйелің мен балаларыңды ұру жаман емес деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан мына жағдайда әкім болсын, полиция болсын, ауылды жинап, әйелді үгіттеуді қою керек.
Кәмілет жасына толмаған балаларын ұрған әке, енді 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
А. Төребекқызы