$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін аяусыз пышақпен тіліп тастаған жігіт 4 жылға сотталды

AstanaTV
07.10.2020ж. 20:00
1808
Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін аяусыз пышақпен тіліп тастаған жігіт 4 жылға сотталды

Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін аяусыз пышақпен тілгілеген жігітке қатысты үкім шықты. №2 Ақтөбе қалалық сотының үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 38 жастағы сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушы айыбын мойындап кешірім сұрады. Кешірімді қабылдаған келіншек, соттан оның түрмеге жаппауын өтініпті. Прокуратура болса, "Қатігез жігітті 6 жылға қамау керек", деген жаза сұрады.

Еділ ҚҰДАЙБЕРГЕН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе қаласы №2сотының үкімімен Бекенов ҚР ҚҚ –тің 106 –бабының 1 –бөлігімен яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Істі қарау барысында жәбірленуші келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талабынан бас тартқан. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
    
Бұл оқиға осы наурыз айында болған. Ажырасқан азамат бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып бет-ауызын аяусыз тіліп тастағаны хабарланды. Бұл жан түршігерлік жағдай әлеуметтік желілер арқылы тарап, қоғамда қызу талқыланған еді.

Б. Рахметова