Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Праймеризге қатысушылардың бағдарламалары елорданы дамытуда ескеріледі

AstanaTV
08.10.2020ж. 20:30
2600
Праймеризге қатысушылардың бағдарламалары елорданы дамытуда ескеріледі

Елордалық праймериз кандидаттарының сайлауалды бағдарламалары, қала әкімі Алтай Көлгіновтің көңілінен шыққан. Шаһар басшысы оның бәрі қаланы дамытуда ескеріледі, деді. Бұл жайында шаһар басшысының үміткерлермен кездесуінде белгілі болды. Алтай Көлгіов әсіресе үйірмелерді көбейту, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын құру және қоршаған ортаны жақсартуға қатысты ұсыныстарын атап өтті. Ол кандидаттарды алғыс хаттармен  марапаттады. Әр ауданның үміткерлерімен екі күн қатарынан кездескен.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елде не мазалап отыр. Не жасау керек мынау өмірдің сапасын арттыру үшін. Сондай адамдар. Барлығыңыз сондайсыздар. Сондықтн бұл жерде ұтылдым, жеңілдім деген адам жоқ біз үшін. Бәріміз бір партиямыз, бір ұжымбыз.

А. Мүтәлі