Елордада маусымдық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аяқталады. Қыркүйектен бастап онда 4 мың тоннаға жуық өнім сатылған. Маусымды Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары қорытындылады. Жергілікті фермерлер ет, балық, ұн, жұмыртқа және сүт өнімдерін әкелген.
Қалада тіршілік енді басталып жатқанымен жәрмеңкеге келгендердің қарасы қалың. Көпшілігі мұндағы баға дүкендегімен салыстырғанда біршама арзан екенін мойындайды. Сондықтан келген.
Жексенбіде өткен жәрмеңке, биылғы жылдағы соңғысы болып отыр. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген фермерлер ет, балық, ұн, жұмыртқа және сүт өнімдерін әкеліпті. Барлығы арнайы тексерісте өткен, сондықтан қауіпсіз деді шараның басы-қасында жүргендер.
Гүлмира ЕРМОЛДИНА, НҰР-СҰЛТАН қ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Олар 1200 тоннаға жуық өнім әкелді. Шамамен 100 түрлі өнім. 200 тауар өндіруші қатысты. Мұндағы баға қаладағымен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен.
Қала басшысының айтуынша мұндай жәрмеңкелер әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға көмектеседі. Сондай-ақ ол жәрмеңкеге қатысқан барлық өңірлерге алғыс білдірді.
Ә. Өмірзақ