Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте автобус жүргізушісі балалы ананы қағып кетті

Шымкентте автобус жүргізушісі балалы ананы қағып кетті

Шымкентте автобус, жаяу жүргіншілер жолағында адам қағып кетті. Қоғамдық көлік астына түскен бала мен жас ана. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай бұл қоғамдық көліктің қатысуымен болған алғашқы оқиға емес. Шаһардың жолаушыларын тасымалдау қызметіндегі кемшіліктерді Айзада Төребекқызы баяндайды.

Жол көлік апаты Шымкенттің қақ ортасында тіркелді. Автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан балалы келіншекті қағып тоқтаған. Бір жастан асқан бала мен оның анасы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Сәби дәрігерлер тексерунен кейін үйіне жіберілген. Ал анасы бас жарақатымен емделуде.   

Тимур БЕГМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГІ:

Шүйде сүйегі жарылған, линейный перелом. Сосын ми ішілік қан ұюы бар. Көлемі кішкентай, сондықтан операция жасалмайды. Қазіргі жағдайы бірқалыпты.  –Қанша күн жатады әлі?-Екі апта шамасында жатады.

Оқиға орнында жұмыс істеген полиция тиісті сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Автобус тізгінінде болған жүргізуші заңға сәйкес жауапқа тартылмақ.
 
Ғалымжан ЕРЖІГІТОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жүргізушінің өз сөзімен жаяу жүргіншіні көрмей қалғанын айтып көрсеткен. Бұл жол көлік оқиғасы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық тармағының  610 бабының 2 бөлігі бойынша хаттама түзіліп, шара көрілді. Бұл бап бойынша 9 ай автокөлік жүргізу құқығынан айрылып, немесе 40 АЕК айыппұл салынады.

Көлік компаниясындағылар автобус тізгінінде тәжірибелі жүргізуші болғанын алға тартты. Қоғамдық көлікте де ақау жоқ. Дегенмен бұл жағдай көп жүргізушіге сабақ болады деп отыр.
 
Әбдібек ҮКІБАЕВ, «T-BUS» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл жағдай жазатайым жағдай болып табылады. Бұл жағдай бойынша біз өз тарапымыздан шаралар қолданатын боламыз жұмыстан шығаруға дейін. Бізде жол қауіпсіздік инженерлері бар арнайы. Сол кісілер емтихан алады. Жүргізушілік талапқа сәйкес деп табылса қалады, болмаса жұмыстан шығарылады.  

Алайда адам қақпаса да  қоғамдық көліктердің арасында жол ережесін сақтамайтындары баршылық. Бұған бүгінгі түсірілім кезінде өзіміз де куә болдық. Аялдамаға тезірек жетуді көздейтін автобус жүргізушілері үшінші жолақтан бірден бірінші жолаққа өте салатынын көз көрді.  Мұндай жайттарға күнде куә болатын жолаушылар,  автобустардың адам таситынын ұмытып кететінін айтып шағымданды.
 
БЛИЦ:

- Өткенде бір жағдай болды, автобус пен машина соқтығысады. Соның ішінде қанша адамдар ішінде ұшып, хорошо мен ұстайтыннан ұстап қалдым да, әйтпесе мен де ұшатын ем.
 
- Автобустар жол ережесін жиі бұзады. Үшінші жолақта келе жатып бірден бұрыла салады. Бұл автокөліктегі өте қауіпті жағдай туғызады. Мұндайларға қатаң шара қолданбаса болмайды.

Айта кетейін, Шымкентте жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілеріне 2 296 хаттама толтырылыпты. Автобустың қатысуымен биылдыққа тіркелген бұл төртінші жағдай.
 
А.Төребекқызы