Шымкентте жеке көлігімен жолаушы тасып, нан тауып жүрген тұрғынды өлтіріп, мәйітін өртеп кеткен. Полиция марқұмның күлге айналған денесін қала сыртындағы қоқыс полигоны маңынан тапты. Жедел тергеу тобы оның ажалы, көлігіне жолай отырған екі жолаушының қолынан келгенін анықтапты. Күдікке іліккендер Түркістан облысының 22 және 26 жастағы екі тұрғыны. Полицияның мәліметінше көлікке отырғандар жүргізушіге әуелі пышақ жарақатын салған. Артынша қылмыстық әрекетінің ізін жасыру үшін, оны елсіз жерге апарып, денесін өртеп жіберген. Ал марқұмға тиесілі жеңіл автокөлікті сезіктілер қала ішіндегі көшелердің бірінде қалдырып кеткен.
Алексей ЗАХАРОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПД АБАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:
Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған.
А. Төребекқызы