Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мәдениет саласындағы жастарға да қолдау көрсету қажет

AstanaTV
03.11.2020ж. 20:00
2170
Мәдениет саласындағы жастарға да қолдау көрсету қажет

Жастарды қолдау – Ел болашағының ресурсы. Бүгін Алматыда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесіне жиналғандар осылай деді. Жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, депутаттар мен «Жас Отан» белсенділері қатысты. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жастарды қолдау тек өнертабыс саласында ғана емес, мәдениетте жүргендерге де аса қажет. Жастарды жан-жақты қолдап, дамытқан кезде ғана олардың алар белесі биік болмақ деді. Алматы жастар қаласы. Сондықтан қолдауға да басымдық берілсе деп отыр. Қалада бүгінде 35 жасқа дейінгі 500 мың тұрғын бар. Оның 140 мыңы студенттер.

Қали СӘРСЕНБАЙ, «МИРАС» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алматыда К. Бәйсеитова атындағы мектеп бар. Мына консерватория бар, бүгін осы отырыста сөйлейді. Сонда қаншама өнерлі жастар тәрбиеленіп жатыр. Алматының өзінде 500 мыңдай жас тұрады. Ал, мына ЖОО-да 139 мың студент оқиды. Былайша айтқанда Алматының 25-30 пайызын жастар құрайды деген сөз. Сондықтан жастар біздің келешегіміз, болашағымыз, үлкен қозғаушы күш.


А. Кемелжан