$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түнгі клубқа келушілер 4 миллион теңгеден артық айыппұл төлеуге міндеттелді

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
1842
Түнгі клубқа келушілер 4 миллион теңгеден артық айыппұл төлеуге міндеттелді

4 миллион 56 мың 30 теңге. Бұл - Алматыдағы түңгі клубта ұсталған 51 адам төлеуге міндеттелген айыппұл көлемі. Дейтұрғанмен карантин талаптарын бұзатындарды қанша айыппұл болса да тоқтатар емес. Санитар-дәрігерлер осыған алаңдаулы. Ережені пысқырмайтын мекемелер де азаймай отыр. Алматылық әріптесім Әсем Лесбек олардың санын анықтап көрді.

Мынау аты дардай түңгі клубтардың біріне келушілердің, тәртіп сақшыларынан қашқан сәті. Тексеріс келе сала, ғимараттың қоршауын бұза, ізін жасыруға әрекеттеніп -ақ жатыр. Бір қызығы бұл кадрларды "қашқындардың" өздері түсірген. Медициналық маска, арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Әйтсе де полицейлер тәртіпті бұзған 51 адамды қолға түсіріпті. Олардың әрқайсысына 80 мың теңгеге жуық айыппұл салған.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Полиция басқармасына клиенттер ішінен 51 адам әкелінді. Олар Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция түңгі клубтағы зал мен би алаңындағы адам саны 50-ден әлдеқайда көп дейді. Түңгі клуб иесінің неліктен карантинді елемегінін білмек болдық. Бірақ қожайынын табуы мүмкін болмады.

Шаһарда карантин талаптарына пысқырмайтындар аз емес. Олардың арасында мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары да бар. Тіпті қомақты айыппұлдың өзі кәсіпкерлерді тәртіпке сала алмауда.

Меруерт ҚАСЫМОВА, АЛМАТЫ қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ САНИТАРЛЫҚ –ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 

Мониторингтік топ өкілдері қала бойынша 3 мың 301 мекемеге тексеру жүргізді. Олардың 768-і карантин талаптарын бұзған. Оның 307-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Меруерт Қасымова: "Бұлай жалғаса берсе, шектеу шарасын қатаңдатуға мәжбүр» болатындарын ескертеді. Карантинге бағынбағандардың барлығы жауапқа тартылады деді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Желіні шулатқан түңгі клубтың келушілерімен қатар, демалыс орнының қожайыны да жазасыз қалмады. Полиция департаменті кәсіпкерге 600 мың теңге айыппұл салынғанын хабарлады.


Ә. Лесбек