$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында үй өртеніп, үш адам жанып кетті

AstanaTV
10.11.2020ж. 20:00
3608
Алматы облысында үй өртеніп, үш адам жанып кетті

Алматы облысында жеке меншік үй өртеніп, үш адам қаза тапты. Оның біреуі 8 жасар бүлдіршін.Төтенше жағдайлар қызметі мәліметіне қарағанда өрт, таңға жуық сағат 3-те болған. Өрт сөндірушілер жеткенше, шатыр опырылып үйдің ортасына түсіпті. Мамандар отпен бір сағат жүріп алысып, зорға сөндірген. Өрттің шығу себептер анықталып жатыр.

Ерлан АҚАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2001, 2012 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрттің жалпы көлемі 40 шаршы метрді құрады. Қазір жалынның тұтану себептері анықталуда.

Ә. Лесбек