Сондай-ақ Шымкентте теріс діни ағымды ұстанушылардан құралған қылмыстық топ
құрықталды. «Гарант» дүкені маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер
департаменті қызметкерлері арнайы операция жүргізді.
Полицейлердің ақпарына
сүйенсек, топ мүшелері ұрланған телефондарды сатумен айналысқан. Ұялы телефонның
идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып,
сатып отырған. Ұсталғандардың нақты саны
әзірге айтылмады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.