Қостанайда қора өртеніп екі адам тірідей жанып кеткен. Олардың жынысы мен жасын полиция анықтап отыр. Полиция келтірген деректерге қарағанда, оттан мерт болғандар 35 және 48 жастағы ер адамдар. Қайғылы оқиға Қостанай-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үй аумағында таңғы бес шамасында болған. Қызыл жалын, 25 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Құтқарушылар өртті жарты сағат ішінде сөндірді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр.
Ирина БЕЖЕНАРЬ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жедел іздестіру шарасы жүргізу барысында ер адамдардың жеке тұлғасы анықталды. Олар Қостанай қаласының 35 және 48 жастағы тұрғындары. Қазіргі таңда адам өлімінің себептерін анықтау үшін сот-медцицналық сараптама тағайындалды.
З. Санай