Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыдағы элиталы тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді

AstanaTV
25.11.2020ж. 20:00
3068
Алматыдағы элиталы тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді

Алматыдағы элиталы "Алма Сити" тұрғын үй кешені, атына сай емес. "Есік-терезеден гулеген жел, құрылыстың сапасыз жасалғанының дәлелі" дейді тұрғындар. Былтыр ғана ел игілігіне берілген, баспана қазір жылуға жарымай отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларға арналған қоларбалардың кіріп-шығуы да мұң. «Жаңа үйдің сапасы сын көтермейді» деген наразы топтың базынасын, әріптесім Әсем Лесбек тыңдап қайтты.

Бұқараның айтуынша «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің әу-баста жарнамасы жер жарған. Көпқабатты үйлердің жобалары тұрғындарға көрсетіліп, барлық жағдай жасалады деп қызықтырыпты. Бірақ құрылыстағы кемшіліктер жұрт қоныстанған соң белгілі бола бастаған.

Айжан АЛҒАДАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мына үйді алғаннан бері проблемадан проблема. Кешке дейін. Есігі жабылмайды. Терезелерінен жел ұрған кезде, қазір отыра алмаймыз. Жылу жоқ, следстволарды шақырсақ үйге кіргізіп тұрып тексерткіземін. Үйге кіреді да жылы ғой біз басқа ештеңке істей алмаймыз дейді.


Олқылықтың орнын толтыра алмай жүргенде, пәтер иелері кооперативі тариф құнын негізсіз өсірді дейді халық. Наразы топ оны төлегісі жоқ. Өйткені қызмет көрсетуші компанияның жұмысына көңіліміз толмайды дейді.

Әсел ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің светтің жиі өшуіне байланысты бірнеше пәтерде жаңадан алынған техникалар да күйіп кетіп жатты. Подъездер мүлдем жуылған жоқ. 02/42 Терезелерден кейде аққан су мұз боп қатады. Сол мәселе, бізге ешкім көмек бермей жатыр.

Сондай-ақ баспанаға мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына еш жағдай жасалмаған.  Пандус деп салынған жерге, арба сыймайды деп отыр.

Ал пәтер иелері кооперативі өкілдері болса, тұрғындардың шағымын жоққа шығарып отыр. Олар «жасалған жұмыстарымыз мінсіз» деді.

Арман ҚАРАЖАНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПИК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізінен мұндағы подъездерді аптасына бір рет тазалап тұрамыз. Бұзылып қалған жедел сатыларды да жөндеп қоямыз. Сырттағы баспалдақтарға арналған кілемшелерге тапсырыс беріп қойдық. Жақында оны да жасаймыз.

Кооперативтен қайыр күтпеген жұрт кешенді тұрғызған мердігер компаниядан жауап алмақшы болды. Алайда ондағылар да сапасыз салынды деген шағым негізсіз деп қайырды.

Бауыржан ҚАСЫМОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Стеналарындағы трещина барларын бүгін кешке дейін көреміз. Қазір енді тексереміз. Ал бағанағы терезелеріндегі «то что они сделали не качественно» дегендері орынсыз. Терезелердің бәрі качесвенный, бәрі жасалған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Тұрғындар, мердігер компанияның да пәтер иелері кооперативінің де сөзіне сенер емес. «Бос уәдеге тойдық», дейді жиналған жұрт. Халық енді, ел арасынан арыз жинап сотқа жүгінбек.

Ә. Лесбек