$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
18.09.2017ж. 20:00
2507
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

“Жамбыл облысында 500 мыңнан астам адам қазынаға қаржы түсірмейді. Олар өз-өзін жұмыспен қамтып, кәсібін дөңгелетіп отыр, алайда салық төлемейді". Аймаққа жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сондықтан кәсіпкерлерді заңдастыру керектігін ескертті. Одан бөлек, облыстың дотацияда отырғанын, жұмысты жүргізбей жатқан шаруалардан бос жатқан жерлерді қайтарып алу қажеттігін қадап айтты. Бұл шаруаны пысықтауды прокурорларға тапсырды.

Мемлекет басшысы сапарын «Көне Тараз» кешенінде орналасқан «Достық үйінен» бастаған болатын. Онда өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, еліміздің бекем бірлігі туралы әңгіме өрбітті. Латын әліпбиіне ауысу жайы да сөз болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінде әлем дамып жатыр. Қоғам да дамып жатыр. Біз де қалыс қалмауымыз керек. Сол үшін алдымен адам өзін өзгерту керек. Бірлікте өмір сүру деген - бұл төзімділік.  Қасыңдағы адамды адам ретінде қабылдай білу, оған деген төзімділік бұл үлкен сыйластықты білдіреді.