Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мұз үстінде ойнаған балалар суға кетті

AstanaTV
30.11.2020ж. 20:00
2613
Мұз үстінде ойнаған балалар суға кетті

Жамбыл облысында мұз үстінде ойнаған балалар суға кетті. Қайғылы оқиға Үлгілі елді-мекенінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ойын балалары ауыл маңындағы каналға сырғанауға келген. Жұқа мұз жарылып тоғыз және алты жастағы ұл балалар батып кетті. Жанындағы балалардың бірі көмек шақыруға жүгірген. Алайда жәрдем келгенде барлығы кеш болған көрінеді.

Б. Жұмабайұлы