Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодардағы диагностикалық орталық 557 млн теңгеге сатылмақ

AstanaTV
18.09.2017ж. 20:00
2025
Павлодардағы диагностикалық орталық 557 млн теңгеге сатылмақ

Павлодар өңірінде бірнеше медициналық мекеме жекенің қолына берілмек. Сатылымға қойылған облыстық диагностикалық орталықтың бастапқы құны 557 млн теңгені құрады. Қаржы басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, оның кепілдік жарнасы 68 млн теңге деп бекітілген. Аукцион қыркүйектің 21-не белгіленді.

Сондай-ақ, шаһардағы №1 және №2 емханалар да бәсекеге қабілетті ортаға шығарылмақ. Қос мекеме бір жылдық мерзіммен сенімгерлік басқаруға беріледі. Бастапқы бағасы 225 млн және 389 млн тенге деп бағаланған. Денсаулық сақтау мекемелерін нарықтық ортаға шығару тәжірибесі өңірде алғаш рет қолға алынып отыр. Айта кетерлігі, бұл мекемелердің профильдік бағыты өзгермейді және олар мемлекеттік тапсырыс негізінде тұрғындарға қызмет көрсетуді жалғастырады. Павлодар өңірінде жекешелендіру  бағдарламасы аясында 2016-2018 жылдар аралығында 39 нысанды жекенің иелігіне беру жоспарланған. Қазір оның 14 сатылып, 1 мекеме жойылған. Биыл 24 ұйым жекешелендірілмек.