$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Тұрғын үйлерге жұрттың рұқсатынсыз есептеуіш құралдарын орнатуға құқылымыз дейді энергетиктер

AstanaTV
18.09.2017ж. 20:00
2263
Тұрғын үйлерге жұрттың рұқсатынсыз есептеуіш құралдарын орнатуға құқылымыз дейді энергетиктер

Энергетиктер жұрттың рұқсатынсыз тұрғын үйлерге есептеуіш құралдарын орнатуға құқылы. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне «Севказэнергосбыт» компаниясының өкілі хабарлады. Өткен жаңалықтарымызда жылу үшін алаңдап отырған бұқара туралы көрсеткен едік. Есептеуіш құрылғысын қоюдан бас тартқан тұрғындарға жауапты компания жылу бермейміз деген. Бұдан бөлек монополисттер жаңа механизмді мәжбүрлі түрде орнатпақ болған. Құзырлы мекеменің жетекшісі Мағауия Сағындықовтың айтуынша, жаңа заң жылуды ысырап етпеуге бағытталған. Демек, әрбір баспананың жылуды тиімді пайдалануын қадағалау үшін монополисттер тың техниканы жаппай көпқабатты үйлерге орнатуы тиіс. Ал қойылған құрылғалардың құнын кімнің өтейтіні әзірге белгісіз.

Мағауия Сағындықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

Жаңа есептеуіш құрылғыларын орнату жүйесі - монополисттердің ойлап тапқан ісі емес, заңмен бекітілген механизм. Оны орнатпағандар тарифті 20-25 пайызға қымбат төлейді. Бірақ, ақырында бұл құрылғыны барлық үйлер қоятын болады. Біз, жылудың қаншалықты шығындалып жатқанын бақылау үшін, әлгі құрылғыларды бүкіл баспаналарға қоюға құқылымыз. Ал оның құнын кімнің төлейтіні кейін белгілі болады.

Қызылжарлықтарды жылуға дер кезінде қосылмау мәселесі де мазалаған. Алайда, жылу тарату компаниясының өкілі талапқа көнбей отырған тұрғын үйлер қысты күні жылусыз қалмайды деп сендірді.