Жамбыл обысында да жарық мәселесі күйіп тұр. Мұнда, Сарыкемер ауылы кеш батса болды қара түнекке айналатын көрінеді. Өйткені, орталық көшелерде жарық бағаналары жоқ. Осының салдарынан ауылда қайғылы оқиға жиілеп кеткен. Қараңғы көшеде жол апаты көбейген. Жергілікті халық әкімдікке бірнеше рет шағымданған. Алайда, мәселе сол күйі шешімін таппапты.
Нұрболат ТАТТЫҚҰЛОВ, САРЫКЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көшеде не освешение не адам жүретін жол жасалмаған. Әкімшіліккке де талай бардық. Неліктен шешілмей жатқанын түсінбейміз.
Қауіпті көше мәселесін көтеріп, Жамбыл облысы Байзақ ауданының басшыларымен хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланыста аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы шығып отыр екен. Қайрат мырза, қайырлы кеш! Көше неліктен жарықтандырылмаған? Әрі жаяу жүргіншілерге арналған жол да салынбаған екен. Бұл қалай болғаны? Мәселе қашан шешіледі?
Қайрат ӘБІЛХАНҰЛЫ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
500 миллионға 35 көшеге жол салдық. Бұл өтініш бойынша, Сарыкемер ауылына келер жылы көпір салу жоспарланған. Сол кезде тротуар салу жоспарланып отыр. Келер жылдың қыркүйегіне дейін мәселені шешу қарастырылады.
Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше тұрғындармен байланыста болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз
Ғ.Өтемісов