Желтоқсан оқиғасы - мәңгі жадымызда. «Jas Otan» жастар қанатының 10-мыңға жуық белсенділері ызғарлы 86-шы жылды еске алды. Жастар бүкіл еліміз бойынша ескерткіштерге барып, гүл шоқтарын қойды. Шейіт болған жастардың рухына тағзым етті. Бір ғана Алматы алаңына 500-ге тарта белсенді жастар жиналды. Олар, аға буынға құрмет көрсетіп, қанды оқиғаны еске алды.
Сымбат ИСМАИЛБЕК, ЕРІКТІ:
Біздер үшін біздің еліміздің Егемендігі, Тәуелсіздік үшін құрбан болғандарға тағзым ету мақсатында келіп отырмыз. Өзіміздің гүл-шоқтарымызды қойып, ата-баба рухына құрбан болған жастарға өз алғысымызды білдіру мақсатында келдік.
Шара барысында жастар карантиндік шектеулерді ескергенін айта кеткен жөн. Қатысушылар медициналық бет-перде тағып әлеуметтік ара қашықтықты сақтады. "Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толықтай орындалды", дейді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Он мың Жас отандық бүкіл Қазақстан бойынша Тәуелсіздікті тәу етіп гүл-шоқтарын қойды. Бұл біз үшін әрқашанда басты құндылық. Басты жетістік. Жас Отанның жас белсенді жастарының атынан бүкіл Қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.
Ә. Лесбек