Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді,- ОСК

AstanaTV
22.12.2020ж. 20:00
1410
Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді,- ОСК

10-шы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаушылар тізіміне, 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысында, комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады. Тізім 26-шы желтоқсан, яғни сайлауға 15 күн қалғанда жалпыға ұсынылмақ. Сол күннен бастап дауыс беруші өзі туралы ақпараттың дұрыстығын, сайлау учаскесінің мекен-жайын тексере алады. Қате болған жағдайда шағымдану арқылы дұрыстатуға немесе өзіне ыңғайлы сайлау учаскесіне ауысуына құқылы, деді.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Сайлаушылардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы шағым түскен күннен бастап, оны тиісті жергілікті сайлау комиссиялары қарайды. Егер ол шағымды қараудан бас тартса, сайлау комиссиясы оның себебін түсіндіруі керек. Азаматтар онымен келіспесе, шағымын сотқа жолдауына мүмкіндік бар.

Ә. Өмірзақ