Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің, Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті. Іс-шара пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Комиссия төрағасы Берік Имашев, байқаушыларды Мәжіліс депутаттарын сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Мәжіліспен қатар жергілікті мәслихат депутаттары да сайланатынын хабардар етті. Сондай-ақ шетелдік бақылаушыларды қызықтырған бірнеше сұраққа жауап берді.
Берік ИМАШЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бір пратия өзі сайлауға қатысудан бас тартты. Қалған 5 партия толық тіркеуден өтті. Әрқайсысы тізімін съезде ұсынды. Айта кетерлігі, бізде қазір тек төменгі палата ғана емес, мәслихат депутаттарын сайлауда, сол күні қатар өтеді.
Ә. Өмірзақ