$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда қалалық-клиникалық аурухана дәрігерлері жалақысын уақытылы ала алмай жүр

AstanaTV
24.12.2020ж. 20:00
3607
Алматыда қалалық-клиникалық аурухана дәрігерлері жалақысын уақытылы ала алмай жүр

Алматыдағы нөмірі бірінші клиникалық аурухана дәрігерлері үстеме ақыларын ала алмай жүр. Үстемақы былай тұрсын, жалақымыз дұрыс төленбейді, дейді ақ халаттылар. Пандемия кезінде жұмыстан бас көтермей жүрген дәрігерлер бүгін мұңын шағып емхана алдына жиналды. Тараптарды Әсем Лесбек тыңдап қайтты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Нөмірі бірінші аурухана дәрігерлері, үстемақыдан күдерлерін үзгенін айтады. Өйткені, олар осы күнде компенсация түгіл жалақысын жарытып ала алмай жүр.

Қарлығаш ИСАБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЛАБОРАНТ ДӘРІГЕРІ:


Біздің ақшамыз неге төленбейді. 3 ай болды біз ақшамызды алмағанымызға. Төленуін талап етеміз. Пульмонологияның барлық больнойлары бізде обслуживается. Бізге келеді.


Аурухана күніне кем дегенде 30 науқас қабылдайды екен. Олардың дені пневмония немес ковидке шалдыққандар көрінеді. Күн-түн демей қызмет етіп, апталап жанұясын көрмеген ақ халаттылар еңбектерінің бағаланбағанына наразы.

Әлия БАЙДУЛЛАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМНІНІҢ МЕДБИКЕСІ:

Біз тұншығып, маскамен оранып жүреміз. Бізге положено нәрсені беруі керек. КВИ мен почти пневмониямен бүкілі келеді. Астмалар келеді. Көбінесе пневмонияларды тасымалдайды. 20 адам болса сол 20 адамның 15-і пневмониямен келеді.

Руслан ӨТЕПБЕРГЕНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМНІНІҢ САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Бізге үстемақы бастапқыда уақытылы беріліп жүрді. Қыркүйек айынан бастап тоқтап қалды. Күн-түн демей осында жұмыс істеп келеміз, неге қаражатымыз дұрыс берілмейді? Неге бізді ешкім елемейді?

Дәрігерлер наразылық білдіріп басшылыққа талай барған. Мәселе шешімін таппағандықтан дәрігерлер бүгін ақпарат құралдарынан көмек сұрап отыр.

Эрнест ҚАЛИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ № 1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің аурухананы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландырады. Иә үстеме ақының төленбей жүргені рас. Қордың айтуынша, біздің қабылдау бөлімімізде олқылық бар. Ауруханамызда арнайы сүзгі болуы керек екен. Келген науқастар дәрігермен сол сүзгі артынан сөйлесуі шарт. Бұл мәселе жақында шешіледі.


Сақтандыру қоры бұл мәселені растап отыр. Респираторлық инфекциялар мен тұмау эпидемиясы кезінде ауруханаларда мұндай сүзгілер міндетті түрде тұруы керек екен.

Ә. Лесбек