Кереку өңірінде жүрген, Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат тобы, бүгін Павлодарлық теміржолшылармен кездесті. Жұмысшыларға сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Қазақстан халық партиясы күні кеше аймақтағы Ақсу қаласында бірнеше кездесу өткізген еді. Бүгін облыс орталығына келіп, теміржолшы саласында тер төгіп жүрген жұмысшылармен жүздесті. Оларды мазалаған мәселерді талқылады. Көпшілігі мардымсыз жалақыға шағым айтты. Тегін медицина қамту жағы қарастырылса деген, өтініш те білдірді. Қазақстан халық партиясының мүшелері аталған мәселелердің шешімі - сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін баяндады. Бағдарламадағы өзге де жаңашылдықтарға тоқталды. Жұмысшылар көтерген проблемалар назардан тыс қалмайтынын ескертті. Партиялықтар тұрғындарға медицина саласында жоспарлап отырған реформаларын түсіндірді.
Алмас ҚАЙЫРТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мәселен, пандемия біздің денсаулық сақтау жүйеміздің әлсіз екенін көрсетті. Дәрігерлер өз жұмысын қалтқысыз атқарды. Алайда, жүйедегі кемшіліктер бізді тоқыратты. Сол себепті біздің партия халық денсаулығын бірінші орынға қойып отыр. Осы бағыттта жұмыстарды жандандырамыз.
Жалпы, сайлауалды бағдарламада партия басымдық беріп отырған 10 міндет бар. Оның ішінде дәрігерлерге, мұғалімдерге, зейнеткерлер мен жастарға ерекше көңіл бөлінген. Тағы бір айта кетерлігі партия зейнет жасын төмендетуге ат салыспақ. Әйелдерді де, ерлерді де 60 жаста зейнетке шығуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салмақ. Шалғайдағы ауыл-аймақта шет қалмайды.
Сағындық МЕЙІРМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мұғалімдерге, дәрігерлерге, қазіргі дәрігерлерге қазіргі пандемиямен қарағанда жұмыстары көбейді деп ойлаймын. Елдің пенсиясына, жасы - жастау шықсын деп, жастарға үй мәселесі, кредит беру туралы бар.
Қазақстан Халық партиясы бұқарамен кездесуде, карантин талаптарын сақтауға тырысқан. Осыған сай, халықты шағын топпен жинап, медициналық маска тағып, нысандарда антисептик болуын да жіті қадағалады.
Ә. Өмірзақ