Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда түнгі клубта төбелес болып, бір адам қаза тапты

AstanaTV
28.12.2020ж. 20:00
1400
Алматыда түнгі клубта төбелес болып, бір адам қаза тапты

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, 28 жастағы ер адам пышақ жарақатынан мерт болды. Төбелестен зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға түсті. Полицияның хабарлауынша, жанжал түнгі клубтың кіре берісінде болған. Үш жігіт өзара сөзге келіп қалып, арты төбелеске айналған көрінеді. Арты қайғылы оқиғаға әкеліп соққан оқиғаға бір күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып сезікті азамат ізін суытпай жатып ұсталды. Ол 1985 жылы туылған "А" есімді Алматылық тұрғын. Басшысы міндетті түрде сұрақ-жауап алу процедурасында қазіргі таңда, қылмыстық процеске қатысуда.


Түнгі клуб иесі де істі болуы мүмкін. Карантин талаптары ескерілмегені үшін, санитар мамандар демалыс орнын әкімшілік жауапқа тартпақ. Осы уақытта түнгі клубы жабық тұр. Тілшілеріміз клуб басшылығымен сұхбаттаса алмады. Ал, кісі өліміне қатысы бар деген күдіктінің айыбы дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ә. Лесбек