Ақтөбеде өз пәтерінде пиротехника бұйымдарын заңсыз сатқандар жауапқа тартылды. Көп қабатты үйдегі бұл саудагерді полиция арнайы рейд барысында анықтаған. Осындай пиротехниканы заңсыз сатқан және қолданған 11 тұлғаға айыппұл салынды. Мереке қарсаңында полиция мен төтенше жағдай қызметі сақтық шараларын күшейткен. Сапасыз және қолдану мерзімі өтіп кеткен өнімдерді анықтау мақсатында жүргізілген рейд кезінде тұрғындардың пиротехниканы заңсыз саудалағаны және қолданғаны анықталып отыр. Бұдан бөлек арнайы сертификаты жоқ 388 пиротехника өнімінің көзі жойылды.
Б. Рақметова