Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Пәтер алаяқтарына алданып қалғандардың ақшасын ешкім қайтармайтын болды

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
3438
Пәтер алаяқтарына алданып қалғандардың ақшасын ешкім қайтармайтын болды

Павлодарда пәтер алаяқтарына алданып қалған тұрғындардың ақшасын ешкім қайтармайтын болды. Бүгін оңай олжа тапқан 8 адамға үкім шықты. Ал Жайықтың жағасынан элиталы үй алмақ болып, сан соққан атыраулықтар полицияға келді. Әріптесім Өзгеріс Қуанар тақырыпты тарқатады.

Атырауда алаяқтар үлескерлерді этиталы үй салып береміз - деп алдап кеткен. Тұрғындар жергілікті құрылыс компанияларының біріне пәтер үшін долларлап ақша салыпты. Ақыр соңында пәтерде, ақшада жоқ.

Рысбике ҚАРАШИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Сервис контракшн» ЖШС директоры - Кенжебаев Ризабек. Құрылтайшысы - Зурбасов Давид деген. Ай сайын ақша салсаңдар 2019-дың аяғына қарай біз чистовой отделкаға кілтті береміз,- деді. Бірақ  ол үйді көрген де жоқпыз. Үміт болмағасын 2020-ның ақпанында  ІІБ-на арыз жазылды. Ешқандай іс жоқ жүргізіліп жатқан.  

Мәди КӨБДЕНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мен өзім 20 миллион ақша салдым. 2 комнатты үй үшін. Қазіргі таңда олардың алаяқтық іс жасағанына менің көзім жетті. Өйткені дәл осы пәтерді басқа үлкескерге де сатқан екен.


Амалы таусылған тұрғындар бүгін аймақтың Полиция департаментіне барды. Олар тәртіп сақшыларының алаяқты таба алмай жатқанына назары. Полиция 11 адамның шағымы бойынша іс қозғалғанын айтты.

Нұрмұхамбет МҮТӘЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
 
Сезіктіміз қашып кетіп,  Алматы қаласында ол бойынша қазір бірнеше эпизодпен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Оның заңды бағасын әлі де болса біз береміз. Қазір мында толық жан-жақты тексеріп, жерді қалай алғанын, кімнен алғанын,  қалай газ, светін қосқанын  оның бәрі анықтағасын іс  міндетті түрде сотқа жолданатын болады.

Ал павлодарлық Мақпал Мейрамова сіңілісімен бірге 2018 жылы қаланың қақ ортасынан 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Алайда, ол пәтерінің құжаты жалған екенін білгенде, бәрі кеш еді.

Мақпал МЕЙРАМОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жалғыз үйім осы сатып алған. Басқа үйім жоқ. Тұрып жатырмын қазір жалғыз. Сестренкам қайтыс болған ана жылы. Сот енді шешім қабылдаса, далада қалатын болдым честно сөзім.

Далада қалатын болдық - деген жалғыз Мақпал ғана емес. Павлодарда 7 бірдей тұрғын қақаған қыста үйінен айырылудың аз-ақ алдында тұр. 2 жыл бойы соттасқан оларды сот зардап шегушілер тізімінен де шығарып тастағанын түсіне алар емес.

Орынбасар ҚАСЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Менің атыма оформить етіп, квартираны сатып алдық 12 мың долларға. Содан бері 2 жыл болды соттан сот. Не какой решение. Қазір пострадавшыйдан да алып тастады. Квартираны алып қойды.

Яна  ФОМИНСКИХ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге түсініксіз болып келген бір жай бар. Әлі күнге дейін бұл алаяқтар қалада қай үйдің бос қалғанын қайдан білді. Ондай ақпарат оларға кім берді. Жұмбақ күйінде қалып отыр. Сондықтан, біздің ойымша, бұны жоғары жақта біреу ұйымдастырып, топ құруы мүмкін деген болжамымыз бар.

 
Ал бүгін сот пәтер алаяқтарына қатысты іске нүкте қойылды. 8 алаяққа 4 жылдан 8 жыл аралығында жаза кесті. Оларға бөтеннің мүлкін ұрлау, алдау, жалған құжат жасау және қылмыстық топ құрды - деген айыптар тағылды. Айыпталушылардың 11 жыл ішінде қараусыз қалған 10 пәтерді  сатып жібергені дәлелденген.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

 
Алаяқтарға алданған тұрғындардың - зардап шегушілер тізімінен шығарылып тасталғанына қатысты да түсінік берді. Олар ұрланған пәтерлерді сатып алғандықтан, тізімнен сызылған. Ал тұрғындардың пәтер сатып алған ақшаларын, ешкім қайтармайтын болды.

Ө. Қуанар