$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ақ жол" демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
2539
"Ақ жол" демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

«Ақ жол» демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы партия белсенділері Қостанайда автошеру өткізді.

"Ақ жолдың" автошеруі.  Еліміздің ірі шаһарларында «Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен» атты партияның үгіт-насихат шарасы өтті. Республикалық штаб ұйымдастырған ақ көліктер шеруіне Қостанайлықтар да қосылды. Партия жалауы мен елдің көк байрағын желбіреткен темір тұлпарлар тізбегі қаланың бірнеше көшесімен жүріп өтті. Ақжолдықтар мұндай шаралар үгіт-насихат аяқталар тұста азаматтардың рухын көтеруге сеп болатынына сенімді.

Мешіт ҒАЗЕЗҰЛЫ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Үгіт-насихат жұмыстарының сайлау алдындағы негізгі қорытынды іс-шарасы болатын болса. Екінші жағынан рухты көтеретін, бұған дейін  біз естеріңізде болса кәдімгі қазақтың жылқысымен де өткіздік. Аттың үстінде жалау алып жүру патриоттық шарасын. Енді осы темір тұлпар тізгіндеген қауымдастық атынан ұсыныс түскеннен кейін бүкіл республика деңгейінде бір деңгейде саяси науқанның қорытындысы ретінде  ұйымдастырып отырған іс –шара.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақ көліктерді жинаудағы мақсат, алдағы сайлаудың әділ, әрі ашық болатынына сенім арту. Демократиялық партияның облыстық филиалы осыған дейін де  жүздеген кәсіпорын өкілдерімен жүздесіп, мыңдаған аймақ тұрғындарымен тілдесіпті. "Ақ жол" партиясының өкілдері нормативтік құжаттарды қабылдау кезінде отандық кәсіпкерлер мен өндірушілерді әрқашан қолдайтындарын атап өтті. Айта кетейік "Ақ жол" демократиялық партиясынан 700-ден астам кандидат тіркелген. Олар түрлі деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі депутаттық мандаттар үшін бақ сынамақ.

Ғ. Өтемісов