Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы 7 миллион сайлаушымен кездескен

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
2159
«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы 7 миллион сайлаушымен кездескен

«Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта партияның Республикалық сайлауалды штабы, барлық аймақтарды аралап шықты.  

Партия өкілдері өздері тоқтаған әр қала мен ауданда, жастармен, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен, жұмысшылармен және түрлі сала өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Нұротандықтар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, алдағы 5 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. «Nur Otan»-ның үгіт-насихат жұмыстарының мазмұны да қарқынды өтті. 7 миллион сайлаушыны қамтып, 28 мыңнан астам іс-шараға ұйытқы болған. Олардың барлығы бірдей бұқаралық іс-шаралар ғана емес. Нақты адамдармен өзекті мәселелерді талқылауға арналған тақырыптық кездесулер де бар. Штаб жетекшісі Бауыржан Байбек, Қарағанды өңіріндегі сапарында да азаматтардың ұсыныстары мен өтінімдері ескерусіз қалмайтынын тағы да ескертті.  

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Бізде Елбасының саясаты арқасында ең негізгі мәселе, мына жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатырмыз ғой, соның арқасында осындай ел болдық. Көп жұмыстар атқарылды. Енді жалпы облыс бойынша, 35 мың адам таза ауыз сумен қамтылады. Осы 5 жыл ішінде партия тарапынан біздің уәдеміз 150 мың тұрақты жұмыс орны - осы өңірде ашылады. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің Президентіміз Экологиялық кодекске қол қойды. Экологиялық зиянды заттарды ауаға шығаруды 13 процентке төмендетеміз.   


Бауыржан Байбектің айтуынша, «Есіктен есікке» акциясының аясында жасотандықтар үй мен пәтерлерді аралап, 6 млн 200 мыңнан аса үгіт-насихат материалдарын таратқан. Өңірлердегі қоғамдық қабылдаулардың да жұмысы қызған. Соның нәтижесінде 95 мыңнан астам өтініш түсіпті. Бұдан бөлек кандидаттар мен сенімді өкілдер де өңірлерде қоғамдық қабылдау өткізген.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысында алпауыт - «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының металлургтарымен де кездесті.  Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Нұрқазған кен байыту комбинатында болды. Жұмысшыларымен бірге билеуші партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірді ары қарай дамыту жайын талқылады. Партия жақтастары жергілікті халықты жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамтуға, жол салуға және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге уәде етті.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Теміртау-қарқынды дамып келе жатқан қала. Бұл-Елбасының еңбек еткен ортасы. Алдағы 5 жыл ішінде не өзгереді? Теміртау қаласы бойынша 9 жаңа өндіріс ашылады. Жыл сайын мың жаңа жұмыс орны, 130 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 2023-ші жылға қарай қаланы сумен жабдықтау толығымен қамтамасыз етіледі. 6 жарым мың жеке тұрғын үй газбен қамтылады.

БЛИЦ:

- 10 қаңтарда біз "Nur Otan" партиясына дауыс беріп, жеңіске жетеміз!

- Біз, Теміртау қаласының металлургтері, Елбасымыздың қолдауына ие болдық және әрі қарай да жалғасатынына сенеміз. Барлығымыздың "Nur Otan" партиясына дауыс береміз.


Сайлауалды штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары ел астанасында қорытындыланды.  Түрлі түйіткілді мәселелерді талқылап, оны шешудің жолдары ұсынылды. Партия өкілдерінің айтуынша, алдағы 5 жылда Елордада әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 50 мың пәтер беру ұсынылып, 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 50 жаңа мектеп бой көтермек. Оған қоса 250 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Қаланың кіре-берісінде орналасқан 20 мың үйді газдандыруды қолға алмақ.  

Ғ.Өтемісов