Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда марқұм болған 10 адамның туысы олардың атынан зейнетақы алып келген

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2402
Павлодарда марқұм болған 10 адамның туысы олардың атынан зейнетақы алып келген

Павлодарда өмірден өткен 63 адамның өлімі туралы құжат азаматтық хал актілерін жазу қызметінде тіркелмеген. Салдарынан марқұм болған 10 адамның туыстары бірнеше жыл  олардың атынан зейнетақы мен жәрдемақы алып келген. Алдын ала есеп бойынша,  бюджетке келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден асады. Мұндай сорақы мәліметті облыстық прокуратура хабарлады.

Қадағалау органының ақпарынша, қайтыс болған адамды көму ісі АХАТ бөлімінде тіркеусіз жүзеге асырылады. Яғни азаматтар қаза тапқан туысы жайлы тиісті органға хабарлауға міндетті емес. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай кейбір пысықайларды оңай олжа табуға итермеледі. Мәселен, Ақсу тұрғыны 1949 жылы туған әпкесінің өлімінен кейін екі жыл бойы оның шотынан ақша алып отырған. Жалпы шешілген сома 1 млн 67 мың теңгені құрады. Бүгінде іс құқық қорғау органдарына жіберіліп, тергеу амалдары басталған. Ал екі дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалды. Бұл бап 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындау жазасын қарастырады.

Бақытжан Досанов, Павлодар облыстық прокуратурасының өкілі:

Қайтыс болған адамның банк картасын тек оған құқылы тұлға ғана пайдалана алады. Сондықтан олар, ең болмағанда, шоттан ақша шешуді тоқтату керек еді. Туысының жоғын біле тұра, бұл азаматтар төлем картасын жоюдың орнына, оны қолдануды жалғастырған. Яғни заңға қайшы әрекет еткен.