Павлодарда асфальт опырылып, жол талғамайтын көлік шұңқырға түсіп кетті. Абырой болғанда, адамдар дін аман.
Әліптің артын бақсақ, асфальттың опырылуына жылу құбырында болған апат себеп болған. Мұны жауаптылар хабарлады. Олар көлік шығынын өтеуге дайын екендерін айтады. бірақ жол талғамайтын көлік иесі арызданбаған.
Екатерина БАЙЖҰМАНОВА, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Қазір оқиға болған жер жамалып, шұңқырға қиыршық тас төгілді. Алдағы уақытта ауа райы қойлылы сәтті пайдаланып, асфальт жабындысы төселетін болады.
Шаһарда қыс басталғалы бері жылу құбырлары жиі істен шығатын болған. Соңғы рет 9-шы қаңтарда, 20-ға тарта көпқабатты үй мен 30-дан аса жекеменшіктегі баспана жылусыз қалған болатын. Жауаптылар жағдайға желілердің ескіргенін желеу етті.
Ө. Қуанар