$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыдағы бейіттерге жергілікті бюджеттен 118 миллион теңге бөлінген

AstanaTV
12.01.2021ж. 20:00
1860
Алматыдағы бейіттерге жергілікті бюджеттен 118 миллион теңге бөлінген

Алматыдағы бейіттерге биыл жергілікті бюджеттен 118 миллион теңгеден асатын қаржы бөлінген. Қомақты қаражатқа шенділер қала аумағындағы 70 қорымның кем-кетігін жөндемек. Айтуларынша 26-сында қазір орын жоқ болғандықтан жабылыпты. Бірақ оларды да қоқыстан тазартпақшы. Апатты жағдайдағы ағаштар мен бұталарды кесуге де жұмсамақ.

Әлішер САТЫБАЛДИЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде Алматы қаласы бойынша 70 қорым бар. Ол жерлердің санитарлық жағдайы Жетісу ауданы әкімдігі аппаратының мойнында. Биыл 118 миллион 500 мың теңге осы қорымдарды қалыпқа келтіру үшін жергілікті бюджеттен бөлінді. Нақтырақ айтқанда бір қорымға 17 мың теңгеге жуық ақша кетеді деп отырмыз.  

Ә. Лесбек