Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Демалыста қыдырған оқушылар 2 апталық карантинге жатқызылмайды, ҚР БҒМ

Демалыста қыдырған оқушылар 2 апталық карантинге жатқызылмайды, ҚР БҒМ

Ел ішіндегі эпидемиологиялық жағдайға келсек. Өткен тәулікте 690-нан астам адам, қытайлық кеселді жұқтырыпты. Сырқаттанғандардың дені Алматы қаласында тіркелген. Ал, "Қызыл аймаққа" тағы бір облыс қосылды. Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды әріптесім Асылбек Данияр айтып береді.

Коронавирустың қызыл картасына кірген Атырау облысы, сары аймаққа өтсе, оның орнына Қостанай облысы өтті. Денсаулық сақтау министрлігі, өткен апта ішінде 30 науқас кеселден қайтыс болғанын мәлімдеді. 11 қаңтардағы министрліктің ақпараты бойынша, COVID-19-дан 23 мыңнан астам науқас емделіп жатыр.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясынан ауруханаларда 5711, амбулаториялық деңгейде 17 692 пациент ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 283 адамның жағдайы ауыр, 57-інің өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ 47 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.

Оқу жылы басталғалы 4516 бала COVID-19-ға шалдыққан. Басым бөлігі қашықтан оқитын оқушылар. Ең көп дерек, Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сенсек, мұнда мың бала індет жұқтырыпты. Мұны Білім министрлігі айтты. Бірақ олар жұқпа жұқтырған мұғалімдерге қатысты ештеме айта алмады.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл сұрақ Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне кірмейді. Сондықтан бұл статистика Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретінде.

"Мектеп оқушылары каникулдан кейін екі апталық карантинге жатқызылды". Кейбір ата-аналар ғаламторда осы мәселені жарыса жазды. Алайда министрлік өкілдері ақпаратты жоққа шығарды. Шетелдік ақпарат көздері Сан-Диегодағы хайуанаттар бағындағы жануарлардан коронавирус табылғанын хабарлайды. Оларға инфекция осы жерде жұмыс істейтін қызметкерден жұққан деп отыр.

Лиза ПЕТЕРСОН, САН-ДИЕГО ЗООБАҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Горилла барлық сақтық шараларына қарамастан, вирустың симптомсыз түрін жұқтырған. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған нұсқауларын орындаймыз. Бірақ, өкінікше орай қанша сақтансақ та індеттен қашып құтыла алмадық.

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар күннен-күнге көбейіп жатыр. Бүгінде 91 милиионнан астам тұрғын Совид-19 індетімен ауырған. Ресми ақпарат бойынша, 2 миллиондай адам көз жұмды.

А. Данияр