Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ барлау қызметі КХДР-нда ғарыш кемелері кешендерінің қозғалысын тіркеді

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2804
АҚШ барлау қызметі КХДР-нда ғарыш кемелері кешендерінің қозғалысын тіркеді

АҚШ барлау қызметі Корей Халық Демократиялық Республикасының ғарыш қондырғыларында күдік тудырарлықтай белсенді қозғалыстарды тіркеген. Мұндай құбылыс соңғы екі күнде байқалған сыңайлы. NBC телекомпаниясының хабарлауынша, бұл Пхеньян тарапынан кезекті ғарыш кемесін ұшыруға дайындық болуы мүмкін. Бір апта бұрын Оңтүстік Корея осындай ескерту жасаған еді. Ресми Сеул "Пхеньян өзінің құрлықаралық баллистикалық ғарыш кемесін батыс жағалауға көшіреді" деп мәлімдеген. Бұл БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен Қытайға қарсы қолданылған жаңа санкциялардың әсері болуы мүмкін. Одан Оңтүстік Корея бас тартқан болатын. Экономикалық шектеулерге Пхеньянның соңғы рет қуаты 200 килотонна сутекті бомбаны сынауы себеп болды.