$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Павлодарлық түн ішінде полицейлерді тік тұрғызды

AstanaTV
14.01.2021ж. 20:00
1865
Павлодарлық түн ішінде полицейлерді тік тұрғызды

Түн ішінде полицейлерді аяғынан тік тұрғызған павлодарлық тұрғынға, шамамен 90 мың теңге көлімінде айыппұл салынды. Әліптің артын бақсақ, ол көлігімді ұрлап кетті - деп байбалам салған. Жедел жасақ жүргізушінің темір тұлпарын қаладағы көпқабатты үйлердің жанынан тапты. Сөйтсе, көлікті ешкім ұрламаған. Ішімдікке сылқия тойған жүргізуші көлігін қайда қойғанын ұмытып қалса керек. Мас жүргізуші темір тұлпарын оталдырған күйі есігін құлыптамастан, аулада қалдырып кеткен.

Ал, тәртіп сақшылары болса, «көлікті ұстау» операциясын құрып, барлық күш құрылымдарын жұмылдырғандарын айтты. Тексеріс кезінде арызданушының удай мас екенін де анықтаған. Жалған ақпарат үшін, әкімшілік іс қозғалыпты. Айта кетейін, жыл басынан бері аймақта осыған ұқсас 5 дерек тіркелген.  

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүргізушіге полиция органдарын жалған шақыру фактісі бойынша іс қозғалды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 438-бабына сәйкес оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Ө. Қуанар