Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Министрлер кабинетінің құрамы жасақталды

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
1677
Министрлер кабинетінің құрамы жасақталды

Бүгін, министрлер кабинеті толықтай жасақталды. Ақорданың ресми сайтында келтірілген деректерге қарағанда Үкіметтің дені өз орындарын сақтап қалған. Басшысы ауысқан ведомстволар арасында Ұлттық экономика министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, Ұлттық Экономиканы Әсет Ерғалиев басқарды. Ол, бұған дейін осы ведомствода бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал, Еңбек министрі болып, осы уақытқа дейін министр орынбасары болған Серік Шәпкенов келді. Ал, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді болса өз қызметімен қатар Үкімет басшысының орынбасары лауазымын алып жүретін болды. Жаңа тағайындаулармен Ақорданың ресми сайтынан танысуға болады.

Д. Мұхаммедкәрім