$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Атырауда құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі табылды

AstanaTV
19.01.2021ж. 20:00
3056
Атырауда құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі табылды

Атырауда мемекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі анықталды. 28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтқан. Енді ол қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша, айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мейірім АҚДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД  ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Аталған дерек бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы автокөлік иесі анықталып,  ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы бірінші бөлігіне байланысты  хаттама толтырылды.
 

Естеріңізге салайық, қала маңындағы аумаққа төгілген қоқыс қалдықтары арасынан төлқұжаттар мен бірнеше маңызды қағаздар табылған. Ішінен тіпті  2028 дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да жүр. Алайда бір ғимаратта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы да, әділет департаменті басшылары да бастарын ала қашқан болатын.

Б. Нәдірқызы