Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкент циркі жабайы аңдарсыз жаңа бағдарлама әзірлеуде

AstanaTV
20.01.2021ж. 20:00
2259
Шымкент циркі жабайы аңдарсыз жаңа бағдарлама әзірлеуде

«Шымкент циркі» аңдарсыз өнер көрсетпек. Өнер ұжымы алдағы наурыз мейрамына орайластырған жаңа бағдарламасына жабайы жануарларды қатыстырмайтын болды. Мекеме басшысы бұған әлемдегі 45-ке жуық елде цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тиым салғаны себеп болғанын алға тартты. Биыл 10 жылдығын атап өтетін өнер ордасы, сайқымазақ, жонглерлық, каскадерлық, әуе гимнасттары мен сәйгүлік үстінде өнер көрсету сынды бағыттарға басымдық бермекші. Айта кетейік, жаңа бағдарламаны әзірлеуге халықаралық цирк фестивальдарының 7 дүркін жүлдегері Мұрат Мұтырғанов мұрындық болып жүр.

Мұрат МҰТЫРҒАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Шын мәнінде қазір Европаның көптеген цирктері аңдарсыз өнер көрсетуге көшкен. Бірақ біздің және барша ТМД елдері цирк пен жан-жануарларды егіз ұғымдай қабылдайды. Біз аңдарсыз қойылым қойып көрмекпіз. Егер көрермен жылы қабылдап жатса осы бағытта қаламыз. Ал егер адам аз жиналып, шығынға батқан жағдайда бұл эксперименттің нәтижесіздігі. Яғни адамдардың қабылдауына байланысты болмақ әрі қарайғы жоспар.

А. Төребекқызы